Өңірде электрмен жабдықтау желілерінің 59 пайызы тозған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиын барысында айтылды.Толығырақ алдағы материалда.

Облыс аумағындағы электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың шақырым, 4349 қосалқы станция бар. Биыл 55,9 км жаңа желілер салу, 41,8 км қолданыстағы желілерді реконструкциялау, сондай-ақ, 140-тан астам негізгі жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізу көзделген.

Өңірде электр қуатының «жаппай өшірілуі» және энергиямен жабдықтау желілерінде туындаған бірқатар ақаулар қолайсыз ауа-райы кезінде орын алды. Осы қыста дауылды желдің салдарынан 491 апаттық өшіру тіркелді. Ең көп өшірулер Ақсудың ауылдық аймағында, Баянауыл, Павлодар, Ақтоғай және Ертіс аудандарында тіркелген.

ЕРЖАН ИМАНЗАИПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ

Апаттық өшірулер бұл шамамен 5000 абонентті электрмен жабдықтаудың бұзылуына әкелді. Әрі жеке және заңды тұлғаларға да өз әсерін тигізді. Әсіресе Ақсу ауылдық аймағында, Баянауыл, Павлодар, Ақтоғай және Ертіс ауданында байқалды. Электрдің өшірілуі желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына әкеп соқты. Мұның басты себебі - ауа-райының қолайсыздығына байланысты болды

Сондай-ақ, облыс әкімі тұрғындардан жарықтың сөндірілуіне қатысты шағымдардың көбейгенін де айтты. Жиында энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындардың басшылары электр желілерін қайта құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы баяндады.

ОЛЕГ ЩЕМЕЛ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы шеңберінде 1,4 млрд. теңгеге 8 жоба қаралды. Сондай-ақ, 10 кВ дейінгі желілерді қайта құрудың 45 % - ы бізге апаттық ажыратудын алдын береді.

Айта кетейік, өңірімізде электрмен жабдықтау желілер 59 пайызға тозған, ал кейбір аудандарда бұл көрсеткіш 70% - дан асады. Жыл сайын энергия тұтыну көзі де өсіп келеді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Павлодар облысы энергиямен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын өңір. Тіпті, дауылды желді ескеретін болсақ та, жарықтың өшуіне жол бермеу қажет. Елді-мекендердегі әкімдер халыққа жанашыр болып, тиісті сала мамандарының көмегіне бірден жүгінуі керек. 2 апта мерзімде қалалар мен аудандар бөлінісінде желілерді жөндеу бойынша Жол картасын дайындап, осы жылға арналған жұмыстардың тізімін айқындау және келесі жылы басымдық берілетін жобалар пулын қалыптастырулы тапсырамын

Облыс әкімі жиын соңында энергетика және ТҮКШ басқармасына электр энергиясының өшуінің барлық негізгі мәселелері бойынша талдау жүргізуді және көппәтерлі тұрғын үйлердегі үйішілік желілердің ағымдағы жай-күйін тексеруді тапсырды.

 Қымбат Садық