«Біргеміз: Таза әлем» жалпыұлттық жобасы Павлодар қаласында да өтіп жатыр. Экологиялық акция аясында облыс орталығында қайың ағаштары отырғызылды. Шараға қатысып келген тілшіміз жалғастырсын.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры бірлесіп «Біргеміз : Таза әлем» акциясын қолға алды. Экологиялық акция шеңберінде облыс орталығында 5 аулаға ағаш екті.

ЕРБОЛ КЕҢГЕРБАЕВ, «ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ҚОРЫ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгін Біргеміз таза әлем жалпыұлттық жобасы аясында ағаш отырғызып жатырмыз. Бұл қала тұрғындарына, қалаға сыйлық десек болады. БҰл еріктілер, әлеуметтік қор, депутаттар арасындағы коллоборация. Тұрғындар енді өздері оны күтеді деп сенеміз.

Шараның мақсаты қоғамдық орындарды көгалдандыру, жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеп, қоршаған ортаны аялауды насихаттау. Бүгін отырғызылған қайың ағаштарын осы аулалардағы тұрғындар өздері баптап, су құйып күтетін болады. Ол туралы алдын ала келесім жасалды, дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, экологиялық акция бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Ел болып, қоғам болып оған бәрі атсалысуда.

Самал Қалиқызы