«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтоғай ауданында ағаштар отырғызылды. Жергілікті тұрғындар Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне ашылған саябақта жас талдар екті. Шараға тілшіміз барып қайтты.

Ағаш отырғызу акциясы – аудан көркіне сән беріп қана қоймай, азаматтарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарауға шақырады. Аудан әкімі акцияға қатысқан барша жанға ризашылығын білдірді.

ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Егер әрбір азамат өз ауласына, үйінің іргесіне не көшенің бойына көшет отырғызса, Ақтоғайымыздың жайқалуына үлкен үлес қосқаны болады. Бабаларымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп ұрпағына өнеге қалдырған. Бүгінгі баршамыз еккен талымыз көркейіп, өсіп, тұрғындарға саясын, көлеңкесін төге берсін

Отырғызылған әр талдың күтімі жақсы болса, жайқалған ағаштар тұрғындарға жазда сая, қыста қамал болады. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен ауған ардагерлерінің бастамасы бойынша көшеттер аудан орталығындағы ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақта отырғызылды.

Игі шараға аудандағы барлық мекеме өз үлестерін қосты. Тұрғындар, әсіресе, жастар да бей-жай қалмады.

Шара соңында дастархан жайылып, барлық қонаққа бауырсақ пен ыстық шай таратылды.

Жұлдыз Қабылденова, Жанасыл Серікбол