Ал Аққулы ауданында мектеп оқушылары экологиялық акция басынан табылды. Онда болашақ түлектер «Туған жер» атты ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.

Әрбір азамат шама шарқынша өз туған жерінің көркейіп, гүлденуіне үлес қосуы керек. Осы мақсатта еліміздің түкпір-түкпірінде Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы өтіп, оның аясында ағаштар отырғызылды. Оған Павлодар өңірі де белсенділік танытты. Бұл орайда, Аққулы ауданы да игі істен құр қалмады. Іс-шараға аудан әкімі, құрметті азаматтар мен мәдениет үйінің өнерпаздары, ерікті жастар қатысты.

Шараға жалпы саны 50-ге жуық адам жұмылдырылды. Әрі талантты, білімге құштар оқушылар да өнегелі істің басынан табылды. Олар 100 түп ағаш отырғызды.

Мұндай шараның ұйымдастырылуы экологияны одан әрі жақсартуға, елді-мекендерді көгалдандыруға зор ықпал етеді.

Қымбат Садық