Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қарағай көшеттері отырғызылды. Жасыл желек ауданның бай мұрасын одан әрі көркейте түспек. Біздің арнамыздың түсірілім тобы да шара барысына куәгері болып қайтты.

Баянауыл – сан ғасырлық тарихы бар, мыңжылдықтар бойы қалыптасқан ғажайып табиғаттың сырлары тұнған өлке. Мұнда өрлей өскен ну орман, ағаштар осы өлкенің таусылмас қазынасы екені анық. Экологиялық «Таза қазақстан» акциясы барысында ауданда тағы қарағай көшеттері отырғызылып, мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасын әсемдей түспек.

Тағылымы мол шараға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жастар да белсене қатысты. Әрі өскелең ұрпаққа мұра ететін ағаш көшеттерін қондыру сауапты істердің бірі. Осы тұста «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөздің текке айтылмағаны анық .

 «Таза Қазақстан» республикалық акциясы тазалықты сақтап, елімізді жасыл желекке айналдыруды көздейді. Акцияда осылайша баянауыдықтар да игі істің басынан табылып, айтарлықтай үлес қосты.

Қымбат Садық, Ермек Сапаров