Ақсулықтар экологиялық акция аясында жұмыла қаланың саябағын абаттандырды. Жалпыұлттық акцияға қатысушылардың саны аз емес.

Еріктілер, жастар және мемлекеттік қызметкерлер Ақсу қаласының саябағын абаттандырды. «Біргеміз: Таза әлем» жалпыұлттық жобасына этно-мәдени ұйымдар белсенділігін білдірді.

РЫМКЕШ СЛЯМБЕКВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қаламыздың этно-мәдени орталықтарының өкілдері осында келіп осы ағаштарымызды егіп жатыр. Қазір елімізде таза қазақстан жобасы жүріп жатыр ғой. Бұл экологияға сондай бір әсер тигізетін үлкен бір шара болады деген ойдамыз

Акция барысында тұрғындар 150-ге жуық ағаш отырғызды. Табиғатқа деген жанашырлығын танытқан жандардың дені жастар.

АСЫЛЖАН ҚАЛИАҚБАРОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қазіргі таңда бұл акцияға қатысқан себебім біз табиғатымызды сақтайық деген үміттемін. Және осы болашақ паркта болашақ ұрпақтар керемет серуендеп және де табиғатты аялай біледі деп ойлаймын.

Бұл акцияға өңір тұрғындары белсенді қатысты.

Байтұрсын Жұмабай