Ағаш отырғызу акциясы Екібастұз қаласында да жалғасын тапты. Қаладағы саябақтардың бірінде 100 көшет отырғызылды. Акция барысымен тілшіміз танысып қайтты.

Ағаш отырғызу – қоғамға пайдасы зор бастама. «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындар жұмыла қаланы тазартып, көгалдандыруға белсене қатысуда. Шаһар тұрғындары шарадан тыс қалмай, туған өлкесіне пайдасын тигізіп жатыр.

Екібастұз қаласында көшеттертің бір тобы интернационалист-жауынгерлер саябағына отырғызылды. Мұнда егілген 100 талдың арасында терек, қайың сияқты ағаш түрлері бар.

Аталған саябақтан бөлек, Екібастұздың 50 жылдығы саябағы, қаланың кіре беріс жерлері және өзге аумақтарда ағаштар егіледі. «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» атты үшінші аптасы 4-мамырға дейін жалғасады.

Жұлдыз Қабылденова