Биыл облыс бойынша Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында бір жолғы әлеуметтік көмек төленеді. Ол жәрдемақы кімдерге тиесілі?Тілшіміз баяндайды.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 350-ден астам адамға әлеуметтік төлем беріледі. Олардың әрқайсысы 150 мың теңгеден алады.

Жеңіс күні қарсаңында 7 ардагердің шотына 2 млн теңгеден аударылады. Бұған қоса, азық-түлік себеттері табысталады. Материалдық көмек үшін 350 млн теңгеден аса қаражат бөлінді.

Азаматтардың тағы бір тобына берілетін төлем 100 мың теңгені құрайды.

Кәмелетке толмаған жасында концлагерь, гетто және өзге мәжбүрлі ұстау орындарының тұтқынында болған жандарға да 100 000 теңге қарастырылған. Ленинград қоршауында болғандар 60 мың теңге алады. Тыл ардагерлеріне 50 мың теңгеден беріледі.

Жұлдыз Қабылденова