Шарбақты ауданы Шалдай ауылында да тұрғындар қарағай көшетін екті. Шараға сол ауылда 50 жылдан астам уақыт бойы тұратын отбасылар қатысты.

Шалдай орманды өлке. Сондықтан да ауылдықтар ағаш егудің, қарағай өсірудің қыры-сырын біледі. Бүгін де ондаған отбасы балаларын, немерелерін ертіп келіп, шараға белсенді ат салысуда.

Сондықтан да, ауылдың үлкендері жасөспірімдерді шараға арнайы қатыстыруда. Тұмса табиғатың қадірін ұқтыру үшін. Балалар да бұның қасиетті іс екендігін сезінеді.

Осылайша Шалдай ауылының отбасы құндылығын қадірлеген, табиғатты аялауды мақсат еткен тұрғындары 100 ге жуық көшет отырғызды. Енді оның мәуелі бәйтеректерй құлпырып өсуі болашақ ұрпақтың қолында.

Жанасыл Серікбол