Қазақстандықтар саяси партиялардан не күтеді?
Құрылтай сайлауы жақындап келеді. Осындай саяси науқан қарсаңында Еуразиялық интеграция институты қазақстандықтар саяси партиялардан не күтеді деген сауал төңірегіндегі зерттеу нәтижелерін жариялады.
Сауалнама нәтижелерін институттың әлеуметтік зерттеулер департаментінті жариялады. Респонденттерге: «Қазақстандағы саяси партия тиімді болуы үшін ең алдымен не істеуі керек?» деген сұрақ қойылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша азаматтардың басым бөлігігі экономикалық өсім мен өркендеу күтетіндігін айтқан. Әлеуметтік әл-ауқаттың артуы мен болашаққа деген нақты, айқын көзқарас та маңызды басымдыққа ие. Респонденттер бірден бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды. Сондықтан көрсеткіштердің жалпы көлемі 100%-дан асады.
Қазақстандықтар саяси партиялардан не күтеді?
* елдің экономикалық өсуі мен өркендеуіне ұмтылу — 44%;
* әлеуметтік әл-ауқат пен теңдікті қамтамасыз ету — 33,2%;
* болашаққа қатысты нақты әрі айқын көзқарасты ұсыну — 32,4%;
* мықты әрі харизмалық көшбасшылардың болуы — 29,9%;
* заңнамамен сауатты жұмыс істеу және азаматтарға тікелей пайда әкелетін бастамаларды ілгерілету — 29,8%;
* демократия қағидаттарын ұстану — 20,1%;
* сайлаушылармен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұрақты байланыс орнату — 20%.
Респонденттер бірден бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды. Сондықтан көрсеткіштердің жалпы көлемі 100%-дан асады.