Негізгі Жаңалықтар Павлодар әуежайы 1-қыркүйекте жұмысын бастайды  

Павлодар әуежайы 1-қыркүйекте жұмысын бастайды  

Павлодар әуежайы 1-қыркүйекте жұмысын бастап, ұшақтарды қабылдайды. Қазір Алматы, Астана бағыттарына билеттер сатылымы ашылды. Алдағы уақытта Павлодардан Ташкент пен Новосібір бағыттарына да рейстер болады. 


Павлодар әуежайының жұмысы ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты өткен жылдың сәуір айында тоқтатылды. Жобаның жалпы сомасы 16 млрд теңгеден асады. Қаржыландыру бойынша біраз мәселелер туындағанмен, биыл сұрақ шешілді. Қазір жолақтағы 98 пайыз жұмыстар аяқталды деді, аймақ басшысы. 

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Әуежайдың ұшу қону жолағының Қазіргі таңда ұшып-қону жолағы бойынша жұмыстар 98 пайызға аяқталды. Асфальттың беткі қабатын төсеу ғана қалды. Жоспар бойынша 15-17 тамыз күндері қабылдау комиссиясының бақылау ұшуы болады. Бұл дабыл құрылғыларын тексеру мақсатында жүзеге асады. Навигацияға арналға арнайы құрылғы. алып отырады.

Сонымен, 25 тамызда нысанды қолдануға беру актісін алу жоспарланып отыр. 1 қыркүйектен бастап ұшатын ұшақтардың билеттер сатылымы ашылды. 

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Бірінші Астана мен Алматы қаласына.Қазір географияны кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Әзірге Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау қалаларына ұшуға болады. Өзге өңірлермен, елдермен қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Новосібір бағытын ашамыз деп отырмыз, бірақ бұл Ташкент – Павлодар – Новосібір, Новосібір – Павлодар - Ташкент транзиттік рейсі болады. Ташкентте келіссөздер аяқталып қалды, ал Новосібір бұл сұрақты қолдап отыр. ашуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Астана бағытына ұшу билеті 15 мың теңгені құрайды. Бұл рейс субсидияланады. Ал Алматыға ұшу билеті құны 23 мың теңгеден басталады. 

Самал Қалиқызы



Бөлісу