Кенжекөл кеші әнге бөленді
Кенжекөл ауылы туған күні атап өтті. Ауылдың 98 жылдығына арналған шаралар легі кешке концерттік бағдарламаға ұласты.
Концерттік бағдарламны жергілікті өнерпаздар бастады. Кешкі самалмен бірге тербелген ән думан көпшіліктің көңілін шалқытты. Елімізге танымал «Сарыарқа» триосы ауылдықтардың алғысына ие болды.
Думанды кеш әрмен қарай да ән өнерінің биігінен табылған өнерпаздардың ән шашуына жалғасты. Орталық алаңда балалар асыр салып, үлкендер әсем әнге құлақ қойып ауылдың тойын тамашалады. Ал, ақсақалдар ауылдың бүгінге дейін бағындырған биігінің куәсі.
Думанды кеш аясында ауылдың дамуына еңбек сіңірген бірқатар жандар да марапатқе ие болды. Ал, концерттік бағдарлама Кенжекөл ауылы мен қонақтарына нағыз сый-тарту болды.