Облыстық филармонияның музыкалық аспаптары жаңарды
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы 85-ші мерейтойлы маусымын музыкалық аспаптар қорын жаңартумен бастамақ. Мекеме қорына 55 жаңа аспап алынған. Сонымен қатар сахналық жарық, дыбыс және басқа да қажетті жабдықтар жаңартылған. Бұл мақсатқа қанша қаражат жұмсалды? Толығырақ келесі сюжетте.
Филармонияға жаңа аспаптардың алғашқы партиясы шілде айының соңында жеткізілді. Қор Германия, Франция, Жапония, АҚШ және Ресейдің жетекші өндірушілері шығарған 21 түрлі музыкалық аспаппен толықты. Олардың қатарында фагот, кларнет, виолончель, контрабас, саксофон және баян бар. Жаңа аспаптар қазақ ұлттық, орыс және симфониялық оркестрлердің қорына үлестіріледі. Бүгінде филармонияда 300-ге жуық кәсіби әртіс еңбек етеді. Мекеме құрамында облыстағы ең ірі 10 шығармашылық ұжым бар. Олардың өнер көрсету сапасын арттыру үшін тек музыкалық аспаптар емес, техникалық және сахналық жабдықтар да жаңартылған.
Амангелді Қожанов, Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармония басшысы
Жалпы қаражат келесі ғылыми жобалық сараптамалық жұмыстар бар, техникалық сахналық жарық, лэд, дыбыс жабдықтары, киімдер бар осының біріне 235 млн теңге ақша бөлініп, осы мәселелерді әртістердің көңілінен шығатындай етіп атқардық.
Жаңа қордағы 55 аспаптың 14-і филармонияда бұрын-соңды болмаған. Әсіресе вибрафон мен фагот секілді қымбат әрі кәсіби аспаптардың алынуы оркестрлер үшін үлкен мүмкіндік. Музыканттар жаңа аспаптарды бірнеше жыл күткендерін айтады.
Алмас Нұғыманов, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әртісі
Енді мына фагот симфониялық оркестрге өте керек инструмент. Менің өзімнің фаготым ескірген. Кейде шамасы жетпей қалады. Менің жұмыс ітстеп жүргенімен 13 жыл болды. Келгелі фагот болмаған. Сұрағанымызға 2-3 жыл болды, Жалпы осылай жаңа аспап әпергендеріне көп рақмет.
Өнер иелері жаңа аспаптардың шығармашылық мүмкіндікке серпін беріп, музыканың сапалы орындалуына оң әсер ететініне сенімді. Кейбір аспаптар оркестр қорына бірнеше жыл бұрыннан қажет болған.
Мәди Ботагөзов, Р.Омаров атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің әртісі
Осы оркестрде 2014 жылдан бері жұмысм істеп келе жатырмын. 2016 жылы тула деген баян келген болатын. Қазір жаңа Москвада жасалған жаңа баяндар келді. Жаңа аспаптар үшін рақмет айтқым келеді.
Қазақтың ұлттық ішекті аспаптарын жасау ісі Астанадан арнайы шақырылған шеберге тапсырылған. Қырық жылға жуық уақыттан бері аспап жасаумен айналысатын Ұлар Қожайұлы бұл жолы филармония үшін бірнеше ондаған домбыра мен жетіген әзірлеген.
Ұлар Қожайұлы, шебер
Осы жолғы алып келген инструментер 50 ден астамның ішінде 34 штугын алып келдік. Домбыра 16 штук болды. Жетіген бар содан басқа ұсақ аспаптар бар. Олардың жасалуына да біра уақыт кетеді. Екі айда болды ғойдим жасап жатқалы.
Осылайша, Иса Байзақов атындағы облыстық филармония 85-ші маусымын жаңарған материалдық-техникалық базамен қарсы алғалы отыр. Жаңа аспаптар мен жабдықтар әртістердің шығармашылық мүмкіндігін кеңейтіп, көрерменге жаңа әуез бен жаңа туындылар ұсынуға жол ашпақ.
Дильназ Қуанышбекқызы