eGov Mobile қосымшасындағы құрылтай сайлауы туралы ақпарат
eGov Mobile қосымшасындағы құрылтай сайлауы туралы ақпарат
eGov Mobile мобильді қосымшасында және Gov.kz сайтында азаматтарға 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын алдын ала білуге мүмкіндік беретін жаңа сервис іске қосылды. Жаңа сервис пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау және азаматтардың дауыс беру процесі туралы ақпараттануын арттыру мақсатында әзірленді. Енді барлық қажетті ақпарат eGov Mobile мобильді қосымшасының бір бөлімінде қолжетімді.
eGov Mobile мобильді қосымшасында сервисті пайдалану үшін:
eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өту; басты беттегі сервистер бөлімінен «Мемлекеттік қызметтер» санатындағы «Құрылтай-2026» белгішесін таңдау; сайлау учаскесін тексеру қажет. Алғаш рет Құрылтай сайлауы туралы барлық ақпарат қосымшаның жеке бөлімінде жинақталды. Енді азаматтарға қажетті мәліметтерді әртүрлі дереккөздерден іздеудің қажеті жоқ. Сервистің басты мақсаты – азаматтардың сайлауға қатысуын барынша ыңғайлы ету, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету. Осы платформалар арқылы азаматтар ЖСН бойынша өздерінің сайлау учаскесін тексере алады. eGov Mobile сервисінде пайдаланушыларға дауыс беруге қатысу үшін қажетті барлық негізгі ақпарат қолжетімді. Жаңа сервистің іске қосылуы сайлау процесінің ашықтығын арттыруға, азаматтардың маңызды ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге және сайлауға қатысу үшін қолайлы цифрлық құралдар ұсынуға бағытталған.