Негізгі Жаңалықтар Аймақ басшысы Асайын Байханов Успен ауданында болды

Аймақ басшысы Асайын Байханов Успен ауданында болды

Аймақ басшысы Асайын Байханов Успен ауданында болды. Алдымен күзгі науқан барысын тексерді. Шаруалармен тілдесті. Одан соң ауданда атқарылып жатқан бірқатар жобалардың барысымен танысты. Жобалар аудан тұрғындары үшін аса маңызды. Алдағы материалымызда толығырақ. 



Успен ауданы биыл 251 мың гектардан астам алқапқа орақ салады. Өткен жылдан көбірек. Облыс басшылығыны тапсырмасы мен елдің шаруашылық саясатына сәйкес аудан егістік алқабын мейлінше әртараптандырған.

Аймақ басшысы «Болаттар» қожалығына арнайы ат басын бұрды. Өткені, дәл осы қожалық аулан бойынша жаңашылдығымен көзге түсіп отыр. 

Аймақ басшысы аулы көшелерін асфальттау жұмыстарын да тексерді. Бұл бағытта биыл Успен ауылдық округі мен Галицкое ауылдары бойынша 4 жоба жоспарланған екен. Оның үшеуі аяқталыпты. 

Ал, Таволжан ауылындағы орта мектеп күрделу жөндеулен өтіп жатыр. Бұл жұмысқа 329 млн теңгеден астам қаржы бағытталыпты. Орта мектепте 70 ке жуық бала білім алады. 

Ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. Мектептің күнделі жөндеуден өтуі балалардың болашағына жасалып жатқан үлкен қамқорлық ееп білетіндіктерін айтты. 




Бөлісу