Жылу желілері жаңғыртылуда
5 млрд теңге. Екібастұз қаласында жаңғыртылып жатқан 4 жылу магистралінің жоба құны. Ондағы жұмыстар осы айдың аяғына дейін аяқталады, Бұл жаңа жылу маусымына толық дайындықпен кіруге мүмкіндік береді. Дөндеу жұмыстарының барысын тішіміз біліп қайтты. Экранға зер салайық.
Екібастұз қаласында №10 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар Энергетик көшесінен Абай көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.Жаңғыртылатын жылу желісінің жалпы ұзындығы — 1600 метр. Бұған дейін магистральда диаметрі 530 мм құбыр пайдаланылса, қазіргі таңда оның орнына диаметрі 630 мм жаңа құбыр желісі тартылуда.
Расул Сағидолдинов, мердігер компанияның директоры
Жоба 10 жылу камераларын монтаждау жоспарланып отыр. 20 қозғалмайтын тірек, 18 пара компенсатор болады. қазіргі уақытта жұмыстардың 80 пайызы аяқталды. Қайта көміп, қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. шамамен 20-25 тамызда яқтауды жоспарлап отырмыз.
Одан бөлек, қазіргі уақытта №16 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Жұмыстар Мәшһүр Жүсіп көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.Жаңғыртылатын жылу желісінің жалпы ұзындығы — 830 метр. Сонымен қатар, тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 8 жылу камерасы орнатылады.
Расул Сағидолдинов, мердігер компанияның директоры
Ол жобада 80-90 пайыз жұмыстар аяқталды. 10-шы жылу магистралі бойынша 46 адам, 18 бірлік техника жұмылдырылған. екіші учаскеде 30 адам істейді, 12 техника бар. Негізі жұмыстар 2 маусым айында басталды. Екі ай бойы жұмыс істеп жатырмыз. Біз кестеге сәйкес уақыты келе жатырмыз.
Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында Екібастұз қаласында жылу магистральдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңғыртылатын жылу желілерінің жалпы ұзындығы 4253 метрді құрайды. Жобаның жалпы құны — 5 млрд 906 мың теңге.Жоба аясында энергетиктер шаһарындағы №5, №10, №11 және №16 жылу магистральдары жаңартылады. Барлық жобаларды 15 қыркүйекке дейін беру жоспарланып отыр.
Руслан Сафиулин, «Екібастұз жылу желілері» ЖШС бас инженерінің орынбасары
Жобаның жүзеге асырудың негізгі мақсаты жылу желілерінің тозуын, апаттық жағдайлар көрсеткішін төмендету. Жылу бері маусымының штаттық тәртіпке, апаттық жағдайларсыз өткізу.
Жоба Екібастұз қаласы үшін аса маңызды. 2022 жылғы қарашада болған апат жылу жүйесін жаңғыртудың маңыздылығын көрсетті. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін жыл сайын жылу желілері жаңартылып, қазандықтар жөнделіп, қалыпқа келтірілуде.
Самал Қалиқызы