Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

Павлодар облысының әкімі шетелдік инвесторлармен кездесті. 65 млрд теңге сомаға инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бағыт - кен орнынан көмір өндірумен байланысты болмақ. 


Тараптар Жамантұз кен орнынан көмір өндіру және оны терең өңдеу арқылы гуминді тыңайтқыштар өндіру жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Біз ел энергетикасының 40 пайызын өндіретін өңірміз. «Богатырь» көмір өндіретін ірі кен орны орналасқан. Елдегі барлық көмірдің 60 пайызын өндіреміз. Бұл 60 млн тонна. Жоспар бойынша алдағы 5 жылда 75 млн тонна көмір өндіреміз деп отырмыз. Жалпы, бұл жоба біз үшін қызықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көмірдің стратегиялық активіміз екенін және оның қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, тиімді пайдалану қажеттігін атап өткен болатын. Органикалық тыңайтқыштар өндірісіне ерекше көңіл бөліп, оларды өңіріміздің ауыл шаруашылығында қолдану мүмкіндіктерін зерделеу қажет. 

Компания басшысы Кахрамон Тошпулатов толық циклді өнеркәсіптік кешен құру жобасын таныстырды. Инвестиция көлемі 65 млрд теңгеге бағаланып отыр және 350 шамасында жаңа жұмыс орны ашу жоспарлануда.

Александр Шим, «Kaoling torg» компаниясының даму жөніндегі директоры

Соңғы екі жыл бойы Павлодар облысы аумағында өндірілетін көмірді зерттеп келеміз. Оның ішінде Жамантұзды да көріп, байқадық. Бұдан бөлек, біз сынамалы түрде 15 вагон зертхана үшін өнім кіргізгенбіз. Ал, жалпылама түрде айтсақ. Өнімнен гуминді тыңайтқыштар шығады. Қалғаны тауар ретінде сатылатын көмір болады. Яғни өзінің жанатын қасиетін сақтайды. 

Салалық басқармаға инвестормен жұмысты жалғастырып, жобаға қажетті қолдау көрсету тапсырылды.


Самал Қалиқызы



Бөлісу

Аймақтық телеарналар