Екібастұзда қымызмұрындық фестивалі өтті
Екібастұзда қымызмұрындық фестивалі өтті. Онда шаруа қожалықтары ұлттық сусын қымыздың түр-түрін ұсынды. Шара соңы мерекелік концертке ұласып, қымыз дайындаушылар марапатталды.
Қымыздың дәмі, қымыздың қадірі көшпенді халықтар үшін әрқашан бөлек. Тәнге ғана емес, жанға саулық сыйлаған сусынды дайындау дәстүрі мыңжылдардан бері бүгінге дейін жалғасып келеді.
Нұрбике Қағазбаева, фестивалге қатысушы
Ертеден келе жатқан ұлттық салт дәстұріміз. Қымызиұрындық қымызды баптап оны қалай ұстайтыны, қалай пісетіні туралы мереке. Оған қоса ұлттық тағамдарды да әкеледі. Қазы, қарта, құр, қоспа бәрін әкелдік. Бүгінгі күнде ұлттық тағамымызды дәріптеп, келер ұрпаққа көрсетіп жатырмыз.
Бораш Кәрімов, фестивалге қатысушы
Жылдың басында Май айынлда биелер төлеп болған соң ертеде қымызмұрындық берген. Жайлауға көшкен. Жайлауда қымыз адйындаған. Қымыз күзге дейін дайындалады. Биелер сауылады. Содан қымыз алынады.
Мереке аясында қызымбен қатар, өзге де ұлттық тағам түрлері қатар қойылып дастархан мол, бай дастарханнан көпшілік дәм татты. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайтын шеберлер көрмесі де ұйымдастырылды.
Қымыз көңілді шаттандырып, қиялыңды тербеп, жүрегіңді әнге бөлейді. Жаз жайлаудың думанды, мәнге толы өтетітіні де сондықтан. Бұл үрдіс Екібастұзда да жалғасып, фестивал аясында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды. Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегелер мараптталды.