Жан жадыратар әуен
Биыл Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Әлібек Дінішев 75 жасқа толды. Ол айтқан туындылар тыңдарман есінде. Ол Алжир, Перу, Португалия, Финляндия, Швеция, Марокко сияқты бірнеше елге концерттік сапар жасады. Әлем мойындаған опера өнерінің көрнекті тұлғасы дейтініміз осыдан.
Әлібек Дінішев тек еліміздің ғана емес, әлемдік опера өнерінің саңлағы. Ел мәдениеті мен музыка өнерін дәріптеуге өлшеусіз үлес қосты. Еңбегі еленіп «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алып, «Парасат», «Отан» ордендерімен марапатталды. Биыл халық әртісі 75 жасқа толды. Осыған орай облыстық ТОрайғыров атындағы кітапханада «Жан жадыратар әуен» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды.
Мерейтойлық кеш барысында қазақтың маңдайына біткен өнер азаматының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертілді. Жергілікті өнерпаздар тамылжыта әдемі әндерін шырқады.
Самал Қалиқызы