Жол апатынан қыз бала қаза тапты
Павлодарлық 103 қызметі соңғы үш тәулікте 11 жол-көлік оқиғасына қызмет көрсетті. Ең ірі жол-көлік оқиғасы 14 тамызда Достық ауылының маңында орын алды. Екі автокөліктің соқтығысқаны туралы шақырту сағат 16:54-те түсті. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы және Қалқаман елді мекенінің дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері жіберілді.
Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына екі ұл бала мен бір қыз бала жеткізілді, тағы бір әйел кәмелетке толмаған балалардың біріне еріп барды. Павлодар қаласының №1 ауруханасына ер адам мен әйел адам жеткізілді. Тағы бір бала – қыз бала – өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алған. Медицина қызметкерлері зардап шеккен қызды клиникалық өлім жағдайында жедел жәрдем көлігіне алып, оған реанимациялық көмек көрсетуге әрекет жасады, алайда нәтиже болмады. Ал, Таволжан ауылының маңында автокөлік жолдан шығып, шұңқырға түсіп кеткен. Апат орнынан бірден үш ер адам Успен аудандық ауруханасына жеткізілді. Стреске жіті реакция алған қыз оқиға орнында қалдырылды. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы басшысының орынбасары барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға, арақашықтықты ұстануға, шаршаған күйде ешқашан көлік жүргізбеуге және барлық жолаушыларды, әсіресе балаларды автокреслоға міндетті түрде отырғызып, қауіпсіздік белдігін тағуға шақырады.