Ертеңнен бастап Павлодарда қоғамдық көліктердің дифферанциалды тарифі іске қосылады. Енді қолма-қол төлем үшін жолақысы 130 теңге. Ал, электронды төлем жүйесі үшін баға өзгеріссіз қалады.


Павлодар қаласында қоғамдық көліктердегі төлем жүйесін электронды түрге көшіру қарқынды жүруде. Билік бұл қай жағынан да тиімді деген ұстанымда. Өйткені, қала әкімдігі тарифті көтермей оның орынына субсидиялау жүйесін енгізуде. Ол үшін жолаушылар ағыны анық болуы керек.

Арслан Қалиақпаров, ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Субсидиялау үшін жолаушылар санын нақты білуіміз керек. Белгілі бір пайызын емес, нақты санын. Субсидиялау осыған тәуелді.

Бүгінде электронды төлем үшін бірнеше мүмкіндік бар. Автобус қосымша арқылы, арнайы карта арқылы төлеуге болады.

Талғат Тоқтағанов, «Смарт автобус ПВ» ЖШС техникалық директоры:

Басында тек 30 пайызы ғана жаңа төлем түрімен төлеп жүрді. Қазір жағдай өзгеріп жатыр. Мәселен, кешегі жағдайы бойынш жолаушылардың 67 пайызы электронды төлем тәсілін қолданды.

«Смарт автобус ПВ» ЖШС осы уақытқа дейін 16 мың әлеуметтік, 31 мың зейнеткерлерге арналған, 30 мың стандартты карта сатқан.

Николай Погребнюк, «№1 Автобус паркі» ЖШС директорының м.а.:

Электронды төлем жүйесі бізге не береді? Бұл әуелі ашықтық. Қосымша салық. Сосын жолаушыларға жағдай. Еліміздің көптеген қалалары бұған әлдеқашан көшіп үлгерген.

Жыл басынан бері жолаушылар атсымалын субсидиялау басталды. Нәтижесінде ондаған автобус қала кқшелеріне шықты. Алдағы уақытта да жаңа автобустар жеткізіледі деп отыр. Енді парктердің негізгі мәселесі автобус жүргізушілерінде болып тұр.


Жанасыл Серікбол