Облыс орталығында отбасындағы жанжалдың алдын-алу бағытындағы семинар өтті. Оған номері оныншы мектептің түлектері, колледж студенттері мен олардың ата-аналары қатысты.


Отбасы құндылығын, жанұяның іргесі бекем болуын насихаттау бүгінгі шараның негізгі міндеті. Замануи Қазақстанның отбасы бейнесі қалай болуы керек? Бұл мәселе жастар арасында өзекті.

Камила Мадыгулова, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңесінің меңгерушісі:

Отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын-алуға үлесімізді қосқымыз келеді. Бастысы балаларды қорғау керек. Салауатты балалық шақ қана салауатты елдің іргетасы болмақ.

Отбасы ел өмірінде де, жеке адамның өмірінде де маңызды институт. Отбасында адам өзін өсіріп, шыңдайды. Тәрбие алады. Осында алған тәрбие болашақтың кепілі.

Әрсен Жақыпов, құқық қорғаушы:

Дәл осы жаста отбасы құндылығын қалыптастыру маңызды деп ойлаймын. Отбасында алған тәрбие өмір бойы сақталады. Балалармен жіті жұмыс жасасаңыз ол міндетті түрде өзінің жемісін береді.

Ата-ана мен бала, маман үштігі арасындағы бірлік отбасы құндылығының нығаюына серпін бермек. Осындай шаралар арқылы жас ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алады.


Жанасыл Серікбол, Евгения Мягченко