Көп қабатты тұрғын үйлерде өрт толастамай тұр. Екі күн ішінде облыс орталығы мен кеншілер қаласы Екібастұзда пәтерлер отқа оранды. Салдарынан 14 адам, оның ішінде балалар эвакуацияланды.

Мәшһүр Жүсіп көшесі 11 мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеті арқасында 20 минут ішінде толығымен сөндірілді. Қызыл жалын үйдің 3 қабатынан шыққан. 14 адам далаға шығарылды.

Нұрлан Тұмайкенов, №1 ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

Өрт орынан келгенде 3 қабат 3 бөлмелі пәтердің кіре берісі жанып жатқаны анықталды. Өртті жоюға газ түтінін қорғау буынымен бір оқпан берілді. Және де жоғары қабаттан баспалдақ арқылы 14 адам оның ішінде 5 бала құтқарылды. Және 2 адам автосаты арқылы құтқарылып, бір адам жану белгілерімен уланып, 1 ші қалалық ауруханаға жатқызылды.

Өрт орнына 8 техника, 31 өрт сөндіруші барды. Өрттің шығу себебі, мен келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Бұдан кейін Екібастұз қаласы, Абай көшесі 5 көшесінде қызыл жалын шарпыды. Онда үй жиһаздары жанған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Нұрлан Тұмайкенов, №1 ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

Өрт орнына жеткен бойда 3 қабатта 3 бөлмелі пәтердің қонақжай бөлмесінің жалпы ауданы 6 шаршы метрде үй жиһаздары жанып жатқаны анықталды. Өрт орнына жоғары қабаттардан 8 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 бала.

Құтқарушылар соңғы кездері өрт көп қабатты тұрғын үйлерде жиі орын алатынын айтады. Алдын алу іс шаралары жүргізілсе де, тұрғындар ескертулерді елемей, немқұрайлық танытады.

Әйгерім Тоқпанқызы