Кенжекөлде көкпар өтті
Ауыл күніне орай Кенжекөлде дәстүрлі түрде көкпардан жарыс өтті. 5 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Финалға кімдер шықты, кім жеңімпаз атанды? Толығырақ тілші сюжетінде.
Кенжекөл ауылы Павлодар қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан. Елдімекенде 10 мыңнан астам халық тұрады. Биыл елдімекеннің құрылғанына 98 жыл. Осыған орай Кенжекөлде ауқымды спорт шарасы - көкпар ұйымдастырылды.
Медет Сансызбаев, Кенжекөл ауылының әкімі
Бірнеше жыл болды ғой туған күнін тойлаудамыз. ауылымызда көкпар өткізіп жатырмыз. 5 команда келді. Ақтық сын болып жатыр. Дайындық жақсы, өтіп жатыр. Концерттік бағдарламалар басталады орталықта, өзіміздің ауылымыз өсе берсін.
Ауыл күніне орай көкпардың өткізілуі бекер емес, соңғы жылдары Кенжекөл ауылының көкпар командасы жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бес команда арасында кіл мықтылар алға шықты. Жарыстың екінші күні Бірлік пен Шұға, Кенжекөл мен Ақкөл финалға шықты.
Дүбірлі додаға көкпаршылардың сәйгүліктері бапталып, ойынға сақадай сай дайындалды. Алаңға су себіліп, ойын барысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталды. Жарыс көрермендері үшін әдемі аумақтар да қарастырылды. Екі күн бойы ат үстінде әдемі көрініс сыйлаған көкпаршыларымыз да әсерлермен бөлісті.
Санат Ақтас, көкпаршы
Бүгін Баянауыл командасымен шықтық. Бағымыз шаппады. Төртінші орынға ие болдық. Командамыз бұрын жасақталған. Бірыңғай жас палуандар. Жеңіске деген үмітіміз болды. Өздері ат алып, үлкендеріміз демеп жатыр. Осындай жерге апарып, ойнатып жатқанына.
Мұстафа Дубай, көкпаршы
Жалпы кеше екі командамен шықтық. ойын тартысты өтті. Екі командада мықты. Бірақ финалға шықтық, ойнайтын боламыз. Біздің команда дайындық жақсы өтті. Спортзалда атпен бөлек дайындалып, көп еңбек еттік. Әкем көкпарға тартқан. Жалпы қықығушылықтың арқасы деп ойлаймын. Ат деген жақсы ғой. Ат жалынын тартып мінген.
Сонымен, Кенжекөлдің 98 жылдыға орай ұйымдастырылған көкпардың финалдық жарысында Кенжекөлдің Арланы мен Ақкөл командалары бақ таластырды. Тартысты додада тәжірибесі мол команда Ақкөл Сайфоллах жеңімпаз атанды.
Самал Қалиқызы