Көктем келгелі облыс аумағындағы саяжайларында 11 өрт оқиғасы тіркеліпті. Барлығына тұрғындардың салғырттығы себеп. Азаматтар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережерені сақтамайды дейді мамандар.

Павлодар облысында жиыны 30 бау-бақша кооперативі бар. Оның 17-сі Павлодар қаласында. Екібастұз қаласында 7, Ақсу қаласында 4 саяжай кооперативі бар болса, Павлодар ауданында екеуі жұмыс істеп тұр. Өрт маусымы басталғалы осы кооперативтерде 11 рет құрғақ шөптің жануы тіркеліпті. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Оразбек Уәлиханов, ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

Ал, енді айтатын болсақ былтырғы 2022 жылы 74 өрт тіркелген. Өрттер мен жанулар. 646 саяжай учаскесі ішінара немесе, толығымен зардап шекті. Оның 186-сы жұмыс істеп тұрған. Жалпы ауданы 180 гектар құрады.

Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігін түсіндіру мақсатында полиция қызметкерлері мен азаматтық қорғау саласының мамандары бірлесіп рейдтік іс-шара өткізуде. Өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша 4 әкімшілік іс қозғалып, 138 мың теңгенің айыппұлы салынған.

Оразбек Уәлиханов, ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

Реидтік 18 іс-шара өткізілді. Осы реидтің барысында 705 адамға нұсқаулық берілді. 4 жиын өткізілді саяжай учаскелерінің иелерімен бірге.

Қазіргі уақытта төтеншеліктер өртті жедел ауыздытау үшін өрт сөндіру көліктеріне гидранттар орнатуда. Павлодар қаалсында 12, Екібастұз қаалсында екі гидрант орнатылған.

Сонымен қатар, өрт оқиғасын төтеншеліктерге жеде хабарлауға шақырады.

Жанасыл Серікбол