Негізгі Жаңалықтар Железин ауданы өнерпаздарының есептік концерті өтті

Железин ауданы өнерпаздарының есептік концерті өтті

Облыстың бас сахнасында Железин ауданының шығармашылық ұжымы концерт өткізді. Орталық жағалауға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары өнерпаздармен бірге ән шырқап, ерекше көңіл-күйге бөленді. Толығырақ — алдағы сюжетте.


Железин ауданы жыл сайынғы дәстүрге айналған есептік концертін бұл жолы ерекше форматта ұсынды. Ұйымдастырушылар заманауи технологияларды қолдана отырып, көрерменге әсерлі де қызықты мәдени кеш сыйлады.

Сахна төріне елуге жуық өнерпаз шығып, ән мен биден шашу шашты. Олардың қатарында аудандық мәдениет үйінің ұжымы, балалар өнер мектебінің ұстаздары және жас таланттар бар. Олар әртүрлі жанрдағы үздік нөмірлерін көрерменге паш етті.

Железин ауданының тұрғыны Нұржамал Ибрагимова ұстаздық мен өнерді қатар алып жүр. Ол сахнада отбасылық дуэт құрамында өнер көрсетті. 

Концерт орталық жағалауға жиналған жұрттың көңілін серпілтті. Қала тұрғындары мен қонақтары өнерпаздармен қосыла ән шырқап, би билеп, кештің қызығына бөленді. 

Осылайша, Железин ауданының өнерпаздары жыл бойы атқарылған жұмыстарының нәтижесін көпшілікке ұсынды. Ертіс жағалауында өткен бұл кеш қонақтардың көңілінен шығып, зор ықыласқа бөленді.


Жұлдыз Қабылденова


Бөлісу

Аймақтық телеарналар