Негізгі Жаңалықтар Спортшылар құрметке бөленді 

Спортшылар құрметке бөленді 

Жыл сайын тамыз айының үшінші жекесенбісінде елімізде спорт күні атап өтіледі. Осыған орай Павлодарда өңірдің спорт саласына түрлі жетістіктерімен үлес қосқан спортшылар мен жаттықтырушылар құрметке бөленді. Толығырақ тілші сюжетінде. 


Жоғары спорт жетістіктері, көпжылдық еңбек пен облыстық дене шынықтыру мен спорт саласына қосқан үлесі үшін сала ардагерлері марапаттарға ие болды. Спортқа енді келіп, түрлі нәтижелерге жетіп жатқан жастардың еңбегі де бағаланды. Олардың әрқайсы салауатты өмір салтын насихаттауға, өңірдің спорт саласын дамытуға өзінше үлес қосып келеді. 

Олег Кольев, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы  

Алдымен басқарма атынан бәрін мерекемен құттықтаймын. Осыған орай өңірде түрлі спорт шаралары өтіп жатыр. Осы ретте спортшыларға тек жетістіктер тілеймін, жетістіктер мен жеңістер көп болсын.   

Бұл кездесуде облыстың жас та болса, бас болып керемет нәтиже көрсетіп жүрген бірқатар жаттықтырушылары марапат алды. Олардың барлығын кәсібилік, ісіне деген жауапкершілік пен махаббат біріктіреді. Марапатталғандардың бірі Мади Есенбеков. Оның тәрбиеленушілері хоккейден өткен ел чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. 

Мәди Есенбеков, «Ertis - 2012» хоккей командасының жаттықтырушысы

Өткен маусымдағы ел чемпионатында бізге қола жүлдесі бұйырды. Осы ретте басшылыққа, әріптестеріме, жастарға алғыс айтқым келеді. Жақсы нәтиже көрсетті. Осы ретте қазір жаңа маусымға дайындалып жатырмыз.   

Кирилл Талерко, «Ertis - 2012» хоккей командасының ойыншысы

Мен спортқа үлкен ағамның арқасында келдім. Өз көзіммен онын ойынын көріп, хоккейге барғым келді. Қазір менің жаттықтырушым Мади ЕСенбеков. Ол өте мықты тәлімгер. Дайындық үшін барлық жағдай жасалып отыр. Келесі маусымда жақсы нәтиже көрсетеміз деп отырмыз. 

Мемлекеттік және ведомстволық наградалардан бөлек, өңірдің жас спортшыларына спорт шеберлігіне кандидат куәліктері табысталды. Бұл атақты алу – әр спортшының мансабындағы маңызды кезең. Оның артында көп жылғы жаттығу, жарыстарға қатысу және өз шеберлігін үнемі арттыруға деген талпыныс тұр. 

Аружан Рамазан, биатлоншы

Мен биатлонмен сегіз жылдан бері айналысып келемін. Спорт шеберлігіне кандидат атағын ұзақ уақыт күттім. Бізге марапаттау рәсімі өтетіні туралы хабарлаған кезде, сол күнді асыға күттім, тіпті күндерді санап жүрдім. Бүгін біз Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионатына аттанамыз. Бұл – өте күрделі спорт түрі: арқаға түсетін салмақ үлкен, ал бір мылтықтың салмағы үш келі, сондықтан бұл оңай емес.

Содан кейін өңірдің спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Олардың әрқайсысының артында спортқа арналған ондаған жыл, жоғары жетістіктер және спортшылардың жаңа буынын даярлауға қосқан зор үлесі бар. Олардың көп жылғы еңбегі мен кәсіби тәжірибесі облыстың спорт тарихының ажырамас бөлігіне айналды.


Самал Қалиқызы 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар