Негізгі Жаңалықтар Шабындықтардағы өрт қауіпсіздігі тексерілуде

Шабындықтардағы өрт қауіпсіздігі тексерілуде

Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде. Қазір төтеншеліктер шабындық алқаптардағы қауіпсіздікті тексеруде. Бұл да дала өртінің алдын-алудағы маңызды шаралардың бірі. 



Қазір шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Аптап ыстықтың да беті қайтқан жоқ. Осы себептен өрт сөндірушілер шабындық алқаптарға шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Реидік шара аясында шаруалар өрт қауіпсіздігі талаптарын қаншалықты орындап жатқандығын тексерді. Тәжірибелі механизаторлар қауіпсіздік шараларының бәрінен хабардар. 

Техникалардағы ақаулар, шөп шабындық алқапта өрт сөндіру және өзге де құралдарының болуы сияқты ережелер тексерілуде. Реидтік шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 24 шаруаға айыппұл салынған. 

Биыл облыс аумағында 3 дала өрті тіркеліпті. Барлығына ортақ себеп, азаматтардың абайсыздығы. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар