Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті
Екібастұз қаласы мен ауылдық аймағында тұратын азаматтарды қандай сұрақтар алаңдатады. Осы мақсатта Екібастұза азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті. Онда бөлім, мекеме басшылары тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Ашық аспан астындағы азаматтарды қабылдау дәстүрге айналған шара. Тұрғындар табалдырық тоздырып, кабинеттерді араламай, бірден бірнеше мекеме өкілімен кеңесіп, тілдесе алады. Сонымен, тұрғындардың бірі Төртүй ауылында мешіт құрылысын салу бойынша жүгінді.
Ажар Мерғалиева, Екібастұз қаласының тұрғыны
Мен әкіммен кездесуге жолдарды жөндеу бойынша келдім. Себебі мен не электронды не қарапайым арбамен ол жолдарда жүре алмаймын. Аулада шұрық тесік. Осы ретте әкім келесі жылға жоспарлайтынын айтты. Екінші сұрақ, ағаштарды кесу бойынша. Қатты жел болса, ылғи құлап жатады. Әкім бұл сұрақты сол жерде бірден шешті.
Жалпы азаматтар кездесуге түрлі өтініштерімен, сауалдарымен келді. Олардың біразы сол жерде шешім тауып жатты.
Самал Қалиқызы