Былтыр өңіріміздің 8 емханасында үздік тәжірбиелер орталығы жұмыс істей бастаған еді. Медицина саласында енгізілген бұл жаңашылдықтың тиімді тұстары қандай? Пилоттық жобаның орындалу барысымен аймақ басшысы Асайын Байханов танысты. Тілші әңгімесінде.

Облыс орталығындағы №3-і емханада аталған орталықтардың бірі ашылған. Жоба пациенттерге жан-жақты қолдау көрсетуді қарастырған. Мұнда медицина, әлеуметтік және психологиялық көмек алуға болады. Бұл уақыт ішінде сала мамандары 88 азаматты қамқорлыққа алған.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Басты мақсат емханаларға жүгінетін халық ағынын тиімді реттеу, дәрігерлерге, учаскелік қызметтерге және тіркеу орындарына түсетін жүктемені азайту болып табылады. Сондай-ақ мұнда қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі. Бұдан кейін өңір басшысы Павлодар ауданының ауруханасы жұмысымен танысты. Мында да бұл бастама жүзеге асырылып келеді. Бұдан бөлек, дәрігерлер біліктілігін арттырып, оқудан өткен. Келешекте мұндай жобалар өңіріміздің қалалары мен аудандарында ашылмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы