Елімізде бір уақытта, сағат 17:00 де «Біз біргеміз» атты жалпыұлттық телемарафон басталды. Оған республикалық 10 телеарна қатысуда. Бұндай ауқымды телемарафон Тәуелсіздік тарихында алғаш рет өтуде. Осы орайда сөз кезегін әріптесім Жанасыл Серікболға берсем. Жанасыл, телемарафонның басты кейіпкерлері кімдер?

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ТІЛШІ

Рахмет, Қымбат. Телемарафонның басты кейіпкерлері су тасқынына қарсы күресте ерлігімен танылған жандар. Яғни, олар құтқарушылар, медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер, қиын-қыстау сәтте қол қусырып қалмаған ел тұрғындары. Республиканың «Қазақстан» ұлттық арнасы, сондай-ақ ірі 10 телеарнасы қатысуда. Алдымен телемарафон барысын тамашалап алсақ.

Иә, телемарафон барысы осылай. Су тасқыны біздің облыста да өтті. Ақтоғай ауданындағы Жалаулы ауылы ең зардап шеккен елімекен болды. Онда су астына қалып қойған бес үйдің орнына қазір жаңасы салынуда. Біздің облыстың құтқарушылар өзге өңірлерге барып, жұмыс жасады. Кәсіпкерлер мен тұрғындар, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бірнеше облысқа гуманитарлық көмек жіберді. Қымбат, сөз кезегі өзіңде.

Рахмет, Жанасыл. «Біз біргеміз» телемарафонның өту барысын арнамызда 21.00 де шығатын қорытынды жаңалықтардан көресіз. Ал біз жаңалықтарды әрі қарай жалғастырамыз.