Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қоры тағы бір жәдігермен толықты. Бұл 1941 жылы жарық көрген латын тіліндегі Қазақ әдебиеті оқулығы. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

«Қазақ әдебиеті» хрестоматиясы латын тілінде 9-сынып оқушыларына арнап жазылған. Оқулықты әдебиет зерттеушісі, ҚР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Есмағамбет Ысмайылов құрастырған. Алматы қаласындағы қазақтың біріккен мемлекеттік баспасынан шыққан. Жәдігер кітапты Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылының зейнеткері Нұраш Мұқажанқызы табыстады.

АБЗАЛ РЫМБЕК, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ӘДЕБИЕТ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Бірақ, мектеп мұражайында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілііп, көптеген ескі кітаптар мен газеттер алынып тасталған екен. Сонда соның ішінде осы кітап қалған екен. Нұраш Мұқажанқызы сол мектептің мұражайында жұмыс жасаған соң, осы кітапты өзінің қоылна алып қалған екен.

Кітап-оқулықта тұлғалардың әдеби дүниелері латын тілінде жарық көрген. Сондай-ақ, халықаралық музей күнін қарсаңында шағын көрме ұйымдастырылды.

МЕЙРАМҒАЛИ ЕСМҰХАНОВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ

Біздің осы көрмемізде Мәди Бәпиұлының, Сейділдә қажының Құран кітабы және Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабы, Қошмұхаммед Кемеңгеровтің қазақ тарихынан журналдары мен Мәшһүр Жүсіптің 1907 жылы шыққан үш кітабы «Тіршілікте көп бір көрген тамашамыз», «Хал ахуал», «Сарыарқа кімдікі» екен кітаптары қойылып отыр.

Айта кетейік, 1941 жылы жарық көрген оқулықтың түпнұсқасы мұражай қорында сақтаулы болады.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА