Биыл Успен ауданының егістік алқаптарына майлы дақылдар, жем-шөп және қарақұмық көбірек егілді. Қазір шаруалар көктемгі дала жұмыстарына қызу кіріскен. Науқан барысымен жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асайын Байханов танысты. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Облыс әкімі алдымен «Анна» шаруа қожалығына барды. Мында 12,6 мың гектар алқапқа бидай, зығыр, күнбағыс себілді. Қазір шаруалар суару жұмыстарымен айналысуда. Айта кетейік, жалпы ауданның алқапты өлкесінің 249,6 мың гектар жеріне тұқым егілді. Бұл туралы аудан әкімі Нұрболат Мақашев жеткізді.
НҰРБОЛАТ МАҚАШЕВ, УСПЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Астық дақылдармен егістік алқабы биылғы жылы 169,2 мың гектарды құрайды. Ауылшаруашылығы дақылдарын әртараптандырудың шеңберінде биыл біз астық дақылдарының көлемін азайытп жатырмыз. Қарақұмықтың егістік алқабын биыл 28 мың гектарға жеткізіп, арттырамыз деп отырмыз. 2 мың гектарға ұлғайды. Майлы дақылдар 45,6 бізде күнбағыс дақылдары құрайтын болады.
Шаруалар мемлекеттен қолдау тауып отыр. Арзан бағада дизельді отын жеткізілді. Көктемгі дала жұмыстарын сәтті өткізу үшін ауданның 27 ауыл шаруашылық 1,8 млрд теңгеге несие алған. Диақндар техникамен қамтылған.
Бұдан кейін өңір басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Облыстық маңызы бар Чернорецк-Шарбақты тас жолы жөндеу барысымен танысты. 83 шақырым жолдың құрылысы сәуір айында басталған. Жоспар бойынша шілде айында аяқталуы тиіс.
Ал аймақ әкімі аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ертерек тапсыруды айтты. Мердігер, нысанды қазан айының басында халық игілігі үшін пайдалануға бермек.
Бұдан бөлек, ауданда 24 әлеуметтік жоба іске асырылмақ. Оның ішінде су тарту, тас жол төсеу, аббатандыру жұмыстары бар. Сапар соңында облыс әкімі барлық нысандарда жұмыс сапалы орындалып, әрі уақытында тапсырылу керектігі туралы айтты.
ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА УСПЕН АУДАНЫНАН