Май ауданында биылғы оқу жылының 39 мектеп түлегі қосымша кәсіптік мамандыққа ие болды. Олар 7-сыныптан бастап алған білімдері бойынша емтихан тапсырып, біліктерін іс жүзінде көрсетті. Мектеп түлектерінің кәсіптік емтихан тапсыру барысын біздің түсірілім тобы да тамашалап қайтқан еді.

Бұнда оқушылар бес жыл бойы аспаздық мамандығы бойынша алған білімдерін сынап, емтихан тапсыруда. Асты дайындап қана қоймай, оны айрықша дәммен әрлей білу де өнер. Қазіргі уақытта ең сұранысқа ие кәсіптік мамандықтардың бірі. Оқушылар алдымен теориялық емтиханды тапсырады. Артынша үйренгендерін тәжірибе жүзінде көрсетеді.

ЕЛІК АЙМАН, КӨКТӨБЕ ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

Өте тиімді. 7-сыныптан бері қатысып келе жатырмын. Осында көбінесе азықтүлікпен қалай жұмыс істеу керек және көптеген тағам түрлерін жасауды үйрендім. Техникалық қауіпсіздікті де үйрендік. Емтихан өте жақсы өтіп жатыр. Бәрін үйреткен соң оңай болып жатыр. Сәттілік тілеймін қалған оқушыларға.

Мұнда дәнекерлеуші-жөндеуші мамандығы бойынша білім алған оқушылар емтихан тапсыруда. Бұл да қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандық. Қаншалықты игерсең, табысы да соншалықты мол. Оқушылар бұнда да алдымен теориялық білімдерін сынға салды. Артынша генератор, аккумулятордың ақауын тексеріп, тәжірибелереімен бөлісті.

Ал, мұнда бес жыл бойы ауыл шаруашылығы техникасын басқарушы, яғни, жалпақ тілмен айтқанда тракторшы мамандығының иегерлері тәжірибеден өтуде. Көлік жүргізу басқа, ал, ауыр техниканы басқару мүлдем басқа. Әрі кейінгі кезде күрт азайып, қадірі арта бастаған мамандықтардың бірі. Оқушылар бұдан да сүрінбей өтуде.

ЖАН ҚАБДЫКӘРІМОВ, ЖАЛТЫР ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

Ауыл шаруашылығында ең керек мамандықтардың бірі деп ойлаймын. Өйткені, қазір көптеген фермалар, егіншіліктер ашылып жатыр. Сол кезде керек деп ойлаймын осы мамандық. Тракторды басқаруды, жүргізуді үйретті. Жөндеуді де үйретті.

Бұл пилоттық жоба Май ауданында 2019-жылы басталған. Осылайша аудан мектептерінен 39 оқушы үш мамандық түрін игерді.

РУСЛАН ЕҢСЕБАЕВ, МАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Мен ойлаймын болашақта бұл жоба үлкен қолдау табады деп. Оқушыларды осылай ауыл шаруашылығы мамандықтарына даярлау өте керек. Ауылға тракторшылар да керек, аспаздарда керек, дәнекерлеушілер де керек.

Жобаның мақсаты оқушыларға алғашқы кәсіптік бағдар беру. Осылайша, қазіргі уақыта нарыққа қажет маман иелерін ерте жастан тәрбиелеу.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, МЕДЕТ КӘРІМ ЕА, МАЙ АУДАНЫН