Балалардың құқықтарын қорғау және отбасылық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізіледі. Осындай тексерістің бірінде Павлодар ауданы прокурорлары балаларын үш күн бойы үйден шығармаған отбасын анықтады. Жеткіншектердің жағдайы қазір қалай? Оларға қандай көмек көрсетілді? Тілшіміз тарқатады.

Павлодар ауданында бір отбасы үш күн бойы үйді ішінен жауып, балаларын қамап ұстаған. Оның үстіне ата-анасы осы уақыт аралығында ішімдік ішіп, мас күйде болғаны анықталды. Рейд кезінде прокурорлар 3 баланы құтқарды.

НҰРЛАН ОПАБЕКОВ, ПАВЛОДАР АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

17 мамыр 2024 жылы тұрмысы нашар отбасы анықталды. Ата-аналар үш күн бойы үйінде ішінен жауып, кәмелетке толмаған баланы үйден шығармаған. Отбасы бірнеше күн бойы ішімдік ішіп, балаларды үйде ұстап, мектепке және далаға шығармаған. Қабылдаған шарамен Павлодар аудандық прокуратурасы, Павлодар ауданы жерлігікті атқарушы органдары мен Павлодар аудандық полициясы, білім бөлімі және денсаулық сақтау бөлімі бірлесіп, баланы босатып, алғашқы көмек көрсетті.

Қазір балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, бақылауға алынды. Павлодар ауданы прокуратурасы осындай қатігездік әрекет көрсеткен ата-ана әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жауапкершілікке тартылатынын айтады. Комиссия тексеріс жүргізіп, шешім шығаруы тиіс. Сонда материалдар сотқа жіберіледі. Ал аудандық прокуратура уәкілетті органдармен бірлесе отырып, профилактикалық шараларды жалғастырып жатыр.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, МЕДЕТ КӘРІМ, ЕА