Екібастұзда шыбын-шіркейге қарсы улау жұмыстары сәуірдің үшінде басталған. Алдымен жертөлелер өңделген. Қазір мердігер мекеме мен ғылыми топ Екібастұз қаласы маңындағы көлдер мен тоғандарда дернәсілдерді улау жұмыстарын аяқтауға жақын.

Бұл Екібастұз қаласы маңындағы Ащыкөл көлі. Қала маңындағы ең үлкен су айдыны. Бұнда дернәсілдерді биологиялық өңдеу жұмыстары атқарылуда. Бұнда химиялық дәрі-дәрмек қолдануға болмайды. Өйткені, көл балық шаруашығына арналған.

ДЕНИС ПЯТИБРАТОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ

Өңделген аумақ ертеңінде ғылыми топ тарапынан тағы да тексеріледі. Дернәсілдердің қаншалықты жойылғаны сараланады. Қандайда бір жетіспеген тұстары болса ол жерде жұмысты қайтадан жүргіземіз. Дэльтекс препратымен улаудамыз. Бұл - екі компонентті, қауіптілігі үшінші деңгейдегі дәрі.

Екібастұз қаласы бойынша 500 гектарға жуық алқап улану жоспарланған. Қазіргі уақытқа дейін жоспардың 90 пайыздан астамы атқырылған. Дернәсілдерді жойып болған соң да зиянкестерге қарсы күрес жаз бойы жалғасады. Бастысы Екібастұз қаласын, шаһардың тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету.

ГАЛИНА СТОЦКАЯ, ҒЫЛЫМИ ТОП ЖЕТЕКШІСІ

Дернәсілдерді улап болған соң, барьерлік өңдеу жұмыстарын бастаймыз. Бұл дегеніміз даладағы масалар мен шіркейлерді қалаға кіргізбеу үшін жасалатын шара. Осылайша тамыз айына дейін жұмыс істейміз.

Барьерлік өңдеу жұмыстары ауа райына байланысты басталады. Табиғат тосын мінез танытпаса осы аптада жүргізіледі дейді мамандар. Бұдан бөлек, әуеден өңдеу жұмыстары да бар. Онда химиялық дәрі-дәрмек қолданылады.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНАН