Цифрландыру қабірлерге де жетті. Енді зират басындағы құлпытастар суретке түсіріліп, платформаға енгізіледі. Бұл жоба Елорда мен Шымкентте енгізілді, енді міне біздің өңірге де келді. Жаңашылдық жайлы тілшіміз айтсын.

САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Цифрландыру қабірлерге де жетті.Енді облыстағы барлық ескі жаңа мұсылман зираттары бірізділікке түседі. Яғни мына құлпытастардағы ақпараттар суретке түсіріледі. Сол арқылы әлемнің қай жерінде тұрсаңыз да жоғалған туысқаныңыздың қайда жерленгенін таба аласыз.

Аталған жүйе жақында Шымкентте қолданысқа енгізілді. Енді Павлодар қаласының зираттары бір платформада болады. Біріншіден, жоғарыда айтып кеткендей ағайын-туыс, құда-жекжат, ата-бабалырыңыздың жерленген жерін табуға ыңғайлы.

ЕРКІН МҰРАТҰЛЫ, «ШАРАПАТ DIGITAL» ДИРЕКТОРЫ

Мемлекетке пайдасы статистика. Жалпыесеп үшін. Қанша адам жатыр, қашан толады. Өте жақсы. Павлодар облысын цифрландырғанан кейін ақпарат осында қалады. Көшірмесі Астанада мүфьтиятта болады.

Осылайша жергілікті әкімдіктер болашақ қорымдарға жерді жоспарлай алады. Айта кетейік, елімізде 6 облыста цифрландыру жүріп жатыр. Әзірге Павлодар облысында 20-ға жуық мұсылман зираты жүйеге қосылады.

Бұдан бөлек, «Қамқор шапағат» орталығының бастамасымен енді «Жерлеу» деген қосымша іске қосылады. Онда жерлеу, ас беру, жерлеу орнын, қайтыс болу туралы органдардан анықтамалар алуға болады. Осылайша зират көтеруде бірізділік мәдениеті қалыптастырылады.

МЕЙРАМБЕК ҚАБЫЛБЕКҰЛЫ, «ҚАМҚОР-ШАПАҒАТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біздің еріктілер зираттың басындағы құлпыстасты фотоға түсіреді, базаға енгізеді. Сол жерде не жазылған соны мамандарға түседі. Бар мәліметті ғана енгіземіз. Құлпытасы бар аты жөні бар зираттарды.

Ал, жазуы өшіп қалған құлпытастар мен аты жазылмаған қабірлерді анықтау үшін зират басындағы шырақшылармен жұмыстар жүргізіледі.

Самал Қалиқызы