Бұдан кейін облыс әкімі Асайын Байханов, Шарбақты ауданына барды. Бұнда да көктемгі дала жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында бой көтеріп жатқан нысандарды аралады. Тілші әңгімесінде.

Өңір басшысының жұмыс сапары аудан әкімі Сержан Иманқұловтың көктемгі дала жұмыстары жөнінде есеп беруінен басталды. Аудан әкімінің айтуынша, дәнді дақылдар 134,7, майлы дақылдар 44,2, картоп 300 гектар жерге себілген. Шаруалар мамыр айының соңына дейін сұйық отынмен толық қамтылады.

Былтырғы жаз өңір шаруалары үшін оңай болмағаны анық. Биыл топырақ құнарлы, ылғал көп түсті дейді шаруалар .Құрғақшылық болмайды деп үміттеніп отыр олар..

Бұдан кейін өңір басшысы бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандарға ат басын бұрды.

Жол мәселесі-мол мәселе. Қазір Сосоновка, Хмельницкий, Арбиген, Шеген ауылдарында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша тас жол төселіп жатыр. Өңір басшысы жол төсеу барысымен танысты.

Аудан орталығындағы 50 көшенің 34-іне асфальт жабылды. Келешекте қалған 16 көшесіне асфальт төселеді.

Бұдан кейін өңір басшысы Арбиген ауылында салынып жатқан медициналық пункт құрылысымен танысты. Қазір нысанның іргетасы қаланып жатыр.

Сапар соңында өңір басшысы жауапты тұлғаларға жұмыстың сапалы орындалуын қадағалап, уақытында тапсыруды жүктеді.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК. ЕА