Ақтоғай ауданында 20 мың геткар алқап әуеден өңделеді. Аймақ басшысы ауданға сапары барысында маса-шіркейге қарсы жұмыстың қалай жүріп жатқанымен де танысты.
Ақтоғай аудынында сәуір айының 10 нан бастап фенологиялық бақылау жүргізілген. Әуеден өңдеу жұмыстары 15-мамырдан басталған. Жалпы 50 рет ұшу жоспарланған. Осы уақытқа дейін оның 12 сі орындалыпты.
Павлодар облысында 400 мың гектар жайылма алқап бар. Оның 127 мың гектарын зиянкестерге қарсы өңдеу жоспарланған. Барлығын әуеден өңдеуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан, қансорғыштарға қарсы күресушілер арнайы құрылғы да сатып алған.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНАН