Достық үйінде Облыстық Қазақстан Халқы Аассамблеясының 28-ші сессиясы өтті. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткен сессия «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталды. Толығырақ тілші материалында.

Сессия басында сөз алған облыс әкімі Асайын Байханов өңірдегі этносаралық бірліктің маңызын және оны нығайтудағы Ассамблеяның рөлін ерекше атап өтті.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл ретте, әрине, Ассамблеяның орны ерекше. Оны бәріміз де түсінеміз. Жақында ел президенті – Қасым-Жомарт кемелұлы Тоқаев ҚХА «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» сессиясын өткізді. Бұған қоса, мемлекет басшысы әдімдік, прагматизм қағидаларына және де олардың негіздеріне халықтың әл-ауқатын көздейтін жаңа экономика үлгісіне көшуді тапсырды

Халықтың бірлігі ел басына туған сын сағатта айқын білінеді. Бірқатар өңірді су басқан тұста ел азаматтары ұлтқа бөлінбей, ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Бірліктің бір белгісі осы болар. Сессия барысында «Нұр ана әлемі» ҚБ төрағасы Бақытжамал Максилова осыған айрықша назар аударды.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Су тасқыныда біз өз тонымызды ала қашып, жылы жерде отыратын жағдайда емеспіз. Біздің жұмысымызды президентіміз де белгілеп, айтып кетті. Себебі ассамблея деген – шаңырақта біртұтас әр халықтың басын қосатын жер. Достықты, бірлікті ұйымдастыратын шаңырақта отырмыз. 16 этно –мәдени орталық өзінің барлық күшін салып, осы жерде қызмет жасады. Біздің жастарымыз да, әсіресе .... мен «герой» болмай-ақ қояйын анау Петропавлға барғанға. ОЛ – менің міндетім. Себеі, аналар кеңесі біз үлгі болмасақ, жастарға үлгі болмасақ

Сессия соңында этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі және аймағымыздың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз Қабылденова