Облыс әкімі Асайын Байханов кезекті аппаратық жиын өткізді. Онда мамыр айындағы мерекелерге дайындық барысы пысықталды. Және туристік маусым мен жерлерді суармалы ретінде пайдалану мәселесі де қаралды.

Өңірімізде 1 мамыр Қазақстан Халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу үшін бірқатар іс-шаралар легі өтеді. Олардың қатарында тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығын тойлап да бар. Мерекеде патриоттық әндер челленджі, жастар форумы, концерттер өтеді.

Туризм саласындағы кейбір олқылықтар әлі де шешімін таппай келеді. Жиында осы мәселе талқыланды.Аймақ басшысы жұмыс қарқынымен танысты. Оның ішінде Киелі Баянауыл жеріне, Тұздыкөлге демалушылардың көптеп келуін қадағалау керек екендігін айтты.

ДАУР ЕРҒАБҰЛОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жазғы маусымда Павлодарда Солнечный кенті мен Маралды, Тұзқала ашылады. Олардың қатарына Шарбақты ауданына қарасты Шалдай кіреді. Барлығы облысымызда 26 жабдықталған жағажай бар. Жазғы маусымда санитарлық талаптарды сақтауға көмектесуді сұраймын. Онымен қоса күнделікті тексерістер жұмыстары жүргізіледі. Әрі жағажайда үнемі жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсететін болады

Тағы бір мәселе - жерлерді суармалы ретінде пайдалану. Осы орайда облыс әкімі қала мен аудан әкімдеріне ауылшаруашылығы мамандарымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.

Жиында бірқатар проблемалық түйткіл қозғалып, жауапты мамандарға жүктелді.

Қымбат Садық