Кедендік рәсімдер ел азаматтары үшін маңызды қажеттіліктердің бірі. Бұл саладағы заңнама да мемлекет пен бизнес мүддесін ұштастыра отырып жасалады. Бұл тұрғыдағы заңның сақталуы, кәсіптің адалдығы айрықша назарға алынған.

Павлодар облысы бойынша 2024 - жылдың бірніші тоқсанындағы сыртқы тауар айналымы 874 млн долларға жеткен. Өткен жылы осы кезеңде 850 млн доллордан асқан екен. Облысымыз негізінен экспортқа бейім. Өңірдегі өнеркәсіптердің қажеттілігіне байланысты импорттың да үлесі бар.

РУСЛАН РАХЫМБЕРДІ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Павлодар облысының негізгі сыртқы тауар айналымының 90 пайызы экспортқа тиесілі. 10 пайызы импорт. Импорттың негізгі үлесі өңіріміздегі кәспорындарға жеткізіледі.

Кедендік рәсімдер тек ірі кәсіп, сауда-саттық қарым-қатынас үшін ғана емес. Қарапайым азаматтар үшін де маңызды. Бүгінде шекара асып, өзге елдерге бармайтын адам жоқтың қасы. Бұл ретте өзімен бірге алып жүретін жүктің мөлшеріне орай салық түрлері бар.

Кедендік рәсімдер экономика үшін де маңызды. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар бұдан әрі жетілдіре бермек.

Жанасыл Серікбол