Ел шекарасын асқан шет ел азаматы біздің мемлекетіміздің заңнамасын бұзғаны үшін қандай жазаға кесілді? Қанша адам Қазақстан азаматтығын алды? Бұл сұрақтардың жауабы брифинг барысында айтылды.

Биыл Павлодар өңірінде 1788 шетел азаматы келген. Олардың барлығы уқатыша тіркеуде. Оның 156 алыс, қалған 1632 сі тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің тұрғындары. Шетелде жүріп, еліміздің заңнамасын белшесінен басып, бұзған азаматтар да жоқ емес.

ДӘУЛЕТ ЫСҚАҚОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қоршаған бақылау жүзеге асыру барысында ҚР болу ережелерін бұзғаны үшін 432 шет елдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа 232 іс жіберілді. Оның 37-сі ҚР тыс жерге шығарылды.

Биыл 363 адам елімізде тұрақты тұруға өтініш берген. Бұлардың басым бөлігі көршілес елдерге көшіп, қайта оралғандар дейді мамандар. Бұл азаматтар үшін Қазақстан азаматтығын алу жеңілдеу. Бірақ, негізінен заңнамаға сәйкес біздің елдің азаматтығы алу үшін Қазақстанда 5 жыл тұру керек.

ДӘУЛЕТ ЫСҚАҚОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысына тұрақты тұруға 363 шет ел азаматы келіп тіркелген. Ықтияр хат алып. Оның ішіндегі 174 қандастар.

ҚР азаматтығын қабылдаған 291 шет ел азаматы қабылдады. Оның ішінде 274 і қандай қазақ ұлттары. Ол құжаттарды дайындап тапсыратын тізімі бар. Ол заңды түрде. Ең келетін ол Ресей жақын мемлекет ... Түркмения елінен көп қандастар келіп жатыр

Қазір өңірімізде 9 005 шетелдік азамат тұрақты тұрып жатыр. Айта кетейік 37 шетел азаматы заңды өрескел бұзғаны үшін мемлекеттен шығарылды.

Әйгерім Тоқпанқызы