Бүгінде қаржы пирамидалары көп. Бірақ, барлығының мақсаты біреу. Сізден қалай да ақша алу. Өңірімізде осындай көлеңкелі экономикаға қарсы күрес қалай жүріп жатыр? Алдағы материалымызда.

Қаржы пирамидасынан зардап шеккен жандар көп. Көптеген жылдар бойы аты өзгергенімен заты өзгермейтін көлеңкелі экономика тиылар емес. Құрылымы әр түрлі болғанымен адамдарды өзіне тарту тәсілі бір. Ол белгілі соманы сол ұйымға салу және толассыз түрде өзіңнен кейін салымшыларды тарту.

ТОЛҚЫН НҰРМАХИН, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Ақша салынбай, адамдар келуін тоқтатқан кезде қаржы пирамидасы да жұмысын тоқтатады. Оның негізін қалаушылар әрқашан көп табысты уәде етеді. Және жарнамаларында жоғары технологиялы компания, болашағы бар бизнес сияқты сөздерді көп қолданады.

Ең басты белгісі оларда ешқандай тіркелген қаржылық лицензиясы болмайды. Егер шетелдік тіркеу көрсетілсе де оған сенуге болмайды. Қаржы пирамидасынан бөлек, өзге де көлеңкелі экономика түрлеріне қарсы іс-шаралар ұдайы өткізілуде. Олар ойын автоматтары мен онлайн казинолармен күрес жұмыстары.

ҚАМБАР ҚАБДУЛЛИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Былтыр «Кибербақылау» жүйесіне 500 ге жуық сайт пен онлайн казиноның сілтемесі жолданды. Оның 291-і бұғатталды. Департамент мемлекет басшысының көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі тапсырмасын орындау жолында әр түрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әлеуметтік желілерде видео роликтер орналастырылуда

Күрестің ең тиімді жолы халықтың қаржылық сауатын арттыру. Бұл бағытта да әр түрлі бірлестіктермен иық тірестіре отырып, әр түрлі шаралар атқарылуда. Бұл жұмысқа еріктілер де тартылған.

Жанасыл Серікбол