Аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары қатысумен Zoom платформасында «құқықтық сағат» өтті. Шарада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе талқыланды. Сондай-ақ өңірдегі қылмыс санын азайтуға бағытталған мобильді қосымша таныстырылды.

Облыстық прокуратура «Халық Тұмар» мобильді қосымшасын әзірледі. Ол арқылы аймақ тұрғындары уәкілетті органдарға қылмыстар туралы хабар бере алады. Тиімді қосымшаны іске қосу бойынша облыстық мәслихат мен прокуратура арасында бірлескен шаралардың жоспары бекітілді.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Тұрғындар бізден нақты қадамдар күтеді. Сондықтан енді жұмысымыз, оған қатынасымыз өзгеше болмақ. Қазір бірлескен қызметтің, нақты істердің жоспарын бекітеміз. Әріптестерім қолдаса, маслихат төрағаларының көзінше «облыстық мәслихатпен ынтымақтастық туралы» құжатқа қол қоюға дайынбыз. Осыдан соң, аймақтағы қалалар мен аудандарда да бастамалар көбейе түседі деп ойлаймын. Статистика бар. Қосымша Ақсу қаласының тұрғындары қосымшаны қолдану барысында қылмыстардың алдын алу көрсеткіші артқан. Яғни, қосымша – өте пайдалы құрал.