Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде техниканың жылдық байқауы өтті. Шара барысында бөлімнің әскери техникасы мен қару-жарағы тексерілді. Толығырақ тілші материалында.

Әскери техника кез келген шұғыл жағдайға сақадай сай тұруы тиіс. Сондықтан еліміздің қауіпсіздің қалқанына айналған Ұлттық Ұланның әскері техникасы мен қару-жарағын сапқа қойып, байқау ұйымдастырды.

АМАНЖОЛ ӘЙТЕНОВ, 6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ

Бұл шаралардың негізі мақсаты техникалық дайындықтың коэффицентін анықтау, әскери техниканың қызметтік ұрыстарға қолданылу сапасы тексеріледі. Бүгінгі таңда техникалық қамтамасыз ету мамандары қызмет, әскери қызметті ұйымдастырады. Сондықтан техника мен қару жарақтың дайындығы мен сапасы қаралады.

Осылайша әскери бөлімге тиесілі техниканың барлығы тексеріледі. Қарапайым жеңіл көліктерден бастап ауыр техникаға дейін ортаға шығып, жеке құрамның қатысуымен бақылаушылар назарына таныстырылды. Комиссия құрамына Шығыс өңірлік Қолбасшылығының қолбасшы орынбасары, техника және қару жарақ басқармасының бастығы, офицерлер енді.

ЕРКЕБҰЛАН ЕРЛАНҰЛЫ, 6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Ұлттық ұланның Шығыс Қолбасшылығының 6679 әскери бөлімінде жылдық техникалық байқау өткізіліп жатыр. Осы байқауда әскери бөлімнің саптық, көлікті, жауынгерлік қызметтегі техникалары, қару жарақ оқ дәрілер байқауда көрсетілуде. Бұл іс шара жылына бір өткізіледі. Ол шарада техниканың дайындығы жүргізушілердің біліктілігін анықтайды.

Тексеріс барысында бөлімнің техникалары, қару-жарағы, инженерлік, қорғаныс мүлкі мен байланыс құралдарының жұмыс істеу сапасы, олардың әзірлігі және де жүргізушілер мен офицерлердің де дайындықтары бағаланды. Айта кетейік, бөлімде 500-ден астам әскерилер бар.

Самал Қалиқызы