«Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында тәжірибе алмасу семинары өтті. Оған облыстың барлық елдімекендеріндегі мәдениет ошақтарының әдіскерлері мен мамандары қатысты. Сондай-ақ, өзге облыстардағы шығармашылық орталықтардың өкілдері зуум платформасы арқылы ат салысты.

 «Тәжірибе алмасу - ең үздік әдістеме». Шара осылай аталады. Бүгінгі таңда ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысы жаңаша сипатқа көшу керектігін уақыт көрсетіп отыр. Ал, бұл жолда жаңа идеялар мен әдістемелер керек.

ЗАМИРА СОЛТАНОВА, «ШАҢЫРАҚ» ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облысымыздағы барлық мәдениет мекемелерінде қызмет етіп жатқан шығармашылық адамарға, әдіскерлерге арналған семинар. «Шаңырақ» орталығы мерекелік шараларды ұйымдастырып қана қоймай, жалпы аудан, қаламен тығыз байланыста. Биыл жылды қорытындылап, барлық көркемдік жетекшілерді, әдіскерлердің басын қосып, семинар өткізіп жатырмыз Ауылдың жағдайында не режиссер жоқ. Музыкалық мамандардың тапшылығы бар. Сол деңгейде шараларды қалай өткіземіз деген сұрақтар қояды. Бүгін сол сұрақтарға спикерлер арқылы жауабын береміз деген ойдамыз.

Спикерлер бұған дейін де көптеген шеберлік сабақтар мен семинарларды өткізген. Мәдениет саласының қызметкерлеріне ауылдық жағдайда жұмыс істеу, креативті индустрияны дамыту мәселері бойынша көптеген тәжірибе алмасу шараларын өткізген. Бұл жолы Павлодар обылсына арнайы келіп отыр.

Семинарға басқа да облыстардың мамандары зуум арқылы қосылып, тәжірибелерімен бөлісті, шеберлік сағатына құлақ қойды.

Жанасыл Серікбол