Негізгі Жаңалықтар Абайға тағзым

Абайға тағзым

Павлодардың орталық алаңында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай тағзым рәсімі өтті. Хакім рухына құрмет көрсетіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.



Қазақтың рухани темірқазығына айналған Абай мұрасы ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге жетіп, ұрпақ санасына сәуле түсіріп келеді. Оның әрбір сөзі – адамдық пен ардың, білім мен ізденістің биік өлшемі. Ақынның асыл мұрасы уақыт өткен сайын жаңғырып, өзектілігін жоғалтқан емес. Павлодар төріндегі Абай ескерткішіне қойылған гүл – ұлт ұстазына деген құрметтің, оның өлмес мұрасына деген тағзымның белгісі.




Бөлісу