Негізгі Жаңалықтар Шарбақты ауылында дәстүрлі қарбыз фестивалі өтті

Шарбақты ауылында дәстүрлі қарбыз фестивалі өтті

Аққулы ауданы Шарбақты ауылында дәстүрлі қарбыз фестивалі өтті. шаруалар жыл бойығы өнімін көпшілікке ұсынды. Ал, ауданның әр ауылы көрме ұсынып, көрініс қойып, адал еңбектің қадірін насихаттады. 


Аққулы ауданының тұрғындары кезекті жылда осынау керемет фестивальді ұйымдастырды. Шаруалар биылғы жылдың қиындығына қарамастан жоспарлаған өнімді жинадық дейді. Жаз бойғы еңбектің қорытындысы ретінде баршасы осынау шарада басқосты. 

Жиналған жұртшылықты аудан әкімі құттықтады. Қарбыз шаруашылығын дамытып жүрген жандарды марапаттады. Төккен тер, еткен еңбектеріне алғыс білдірді. 

Асқар Ажмұрат, Аққулы ауданының әкімі

Бұл еңбек пен берекені ұлықтайтын ауданымыздың жетістігін айқындайтын ерекше мереке. Қарбыз фестивальі бүгінде өңріміздің брендіне айналды. Аққулы ауданы елімізге, шетелге танымал дәмді қарбызымен танымал. Осындай шараға үлес қосқан жандарға алыс білдіремін. Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, молшылық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, дастарханымыз мол болсын.

Аққулының ажарын ашатын мейрамға әр ауылдық округ барынша дайныдықпен келген. Ән айтып, сән көрсетіп, ерекше көрмелерін ұсынды. Әр ауыл берекесі мен бірлігін паш етіп фестивалге ат салысты. 

Биыл Аққулы ауданында 19 шаруашылық 1800 гектардан астам алғапқа қарбыз еккен. Орташа өнім гектарынан 400 центнерді құрады. 




Бөлісу