Облыс әкімі құрылысшыларды құттықтады
Елімізде тамыз айының екінші жексенбісі күні құрылысшылар күні. Елдің дамуын құрылыс саласынсыз елестету мүмкін емес. Кез келген жоба осы сала өкілдерінің бағыт бағдарымен, қолымен салынады.
Құрылысшылар күніне орай аймақ басшысы облыстық әкімдікте осы сала өкілдерімен кезде исті. Алдымен құрылысшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі жүзеге асырылатын жобалармен таныстырды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев құрылыс саласына ерекше мән береді. Өңіріміз индустриалдық орталық болғаннан кейін ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Тұрғын үй салынды.
Сонымен қатар, биыл күзде Павлодардағы Достық ауданында Конгресс холлдың, мұз сарайы спорт кешенінің құрылысы басталмақ. Облыс әкімі осы жұмыстарды жұмыла көтеріп, бірлесе істеуге шақырды.
Кездесу соңында, жоғары кәсіби біліктілігі үшін құрылыс саласының өкілдеріне алғыс хаттар, құрмет грамоталары табысталды.
Самал Қалиқызы